13 Сәу 2022
Жаңалықтар

Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 12-сәуір ғарышкерлер күніне орай ұйымдастырылған “ҒАРЫШ ӘЛЕМІНДЕ” 1-4 сыныптар арасында макет жасау байқауы өтіп,оқушылар марапатталды. Бүгін – Ғарышкерлер күні.

Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 12-сәуір ғарышкерлер күніне орай ұйымдастырылған “ҒАРЫШ ӘЛЕМІНДЕ” 1-4 сыныптар арасында макет жасау байқауы өтіп,оқушылар марапатталды.
Бүгін – Ғарышкерлер күні.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды.

Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Қазақ халқының да 3 ұлы ғарыш сапарында болды. 1991 жылы 2 сәуірде Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында дайындығын пысықтап, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Араға үш жыл салып Талғат Мұсабаев та ғарыш сапарына аттанды. 2015 жылы 2 қыркүйекте Айдын Айымбетов екінші бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына аттанған болатын.
#ғарышкерлеркүні

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар