📘Республикалық " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында. "Ы.Мұхамеджанов атындағы ЖББОМ"-де
7 сынып оқушылар арасында Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығын қызығушылығын арттыру.
Ғабит Мүсіреповтің сөз шеберлігі - қазақ әдебиетінің тарихында, әдебиеттанушылар арасында мойындаған. Қаламгер үшін көркемдік үлгінің басты өлшемі тақырып емес, сол тақырыпқа лайық ой мен сөзді орынды қолдана білуінде. Жазушының шығармаларын қай жағынан алып қарасаң да, тізілген сөз асылдары. Ғабит Мүсіреповтің қаламнан туған туындылары орны да, жөні де бөлек.
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығының үлкен бір саласы драматургия. Бұл бағытта жазушы көптеген песьаларын қазақ драматургиясын биікке көтерді.
1934 жылы "Қыз Жібек" лирикасын басталған бұл бағыттағы желі одан ары "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Ақан сері-Ақтоты", 1980 жылы жазылған "Болашаққа аманат" тарихи песьасы ұласты.
Ғабит Мүсірепов жай ғана жазушы емес, ол қайратты халық қалаушысы да болды. Ғабит Мүсірепов қазақ әдебиетінде қалдырған ідері қай заманда да ескірмейтін асыл қазынасы болып табылатындығы қалың қазаққа белгілі. Ғабит Мүсіреповтің мұралары халқымыздың тозбайтын, ескірмейтін рухани қазынасы. Көркем әдебиетіміздің тамаша үлгілері ретінде Ғабит Мүсіреповтың туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алғаны халқымыз үшін мақтаныш. Уақыт тоқтамай үздіксіз жылжып жатыр, ал қара сөзбен жазылған әсем ойлар, көркем көрністер санамызда өшпестей болып тұра бермек.
Ғ.Мүсіреповтың туындылары ескірмейді, бүгінгі оқырмандар үшін де тозаң тимеген алмастай жарқырай береді.


